Шығыс Қазақстан облысында жарықшамдар орнатып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізушінің өзі әлеуметтік желіде видео жариялаған. Кадрда жеңіл көлік жүргізушісі қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өткені, қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді, сондай-ақ, қызыл-көк түсті жарықшамдарды заңсыз пайдаланған.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушіні жедел түрде анықтады. Ол облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Оған бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның көлігі арнайы тұраққа қойылды", - деді Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ғабит Әбенов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!