- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да 16 қызметкер...
ШҚО-да 16 қызметкер 2 ай бойы жалақы ала алмай жүрген
ШҚО-да 16 қызметкер 2 ай бойы жалақы ала алмай жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Риддер қаласының прокурорлары "Водоканал" кәсіпорынның 220 қызметкеріне 50 млн теңгеден астам жалақы берешегін анықтады.
Марқакөл ауданының прокуратурасы "Теректі" МКМ коммуналдық кәсіпорындарының бірінде 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңге болғанын анықтады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған өңірлердегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін, оны бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина