- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- қылмыс туралы
ШҚО-да 14 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
ШҚО-да полиция 14 жыл жасырынып жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі 2025 жылы қаңтарда бес қылмыскерді ұстаған. Олардың екеуі бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.
Қылмыскерлердің бірі - алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып жүрген. Күдікті Алматы қаласынан табылды.
"Қазір сол қаладағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары заңнан жасырынғандардың орналасқан жерін анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова