- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да 12 ресейлік...
ШҚО-да 12 ресейлік қар құрсауынан шығарылды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын "ТРЭКОЛ" автокөлігімен көмекке келді. Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды.
Олар Шемонаиханың қонақүйіне орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар тамақ пен жылытуды ұйымдастырған. Қазір өңірде 15 автожол жабық.
ШҚО ТЖД азаматтардан ауа райы тұрақтанғанша барлық сапарды тоқтатуды сұрайды.
"Тәуекелге бармаңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Аймақта 6 қаңтарда ауа райының қолайсыз болатыны туралы ескерту жарияланған: боран, көктайғақ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек