- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО ауылдық ауруханаларының...
ШҚО ауылдық ауруханаларының жабдықтары жаңартылатын болады
Шығыс Қазақстан облысының ауылдық дәрігерлерінің сапалы медициналық көмек көрсетуіне және ауруларды уақтылы анықтауына жаңа медициналық жабдықтар өз септігін тигізбек. Жыл соңына дейін «Парыз» қайырымдылық қорының қаржысына екі мыңға жуық түрлі техника бірлігі сатып алынады. Бұл туралы ШҚО әкімінің ресми сайты хабарлады.
Бұл жөнінде ШҚО депутаттарының және Қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кеңесте белгілі болды. Анықталғандай, Шығыс Қазақстанның 80 пайыз ауруханалары қажет жабдықтармен қамтылған. Кейбір ауруханаларда өткен ғасырдың 70-ші жылдарында шығарылған техника қолданылып жүр.
Бұл жағдай облыс әкімі Даниал Ахметовтың берген тапсырмасымен өз шешімін тапты. Яғни ауылдық жерлерде сапалы медициналық көмек көрсетілу үшін құрал-жабдықтарды жаңарту қажеттілігі. Медициналық мекемелерге бір жарым миллиардты құрайтын екі мыңдай түрлі техникалық жабдықтар қажет. Қаржы «Парыз» қайырымдылық қорымен бөлінетін болады.
Аталмыш қажеттілікті анықтау кезінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасы әрбір медициналық мекемеде техникамен қолдана алатын мамандар тізімін ескерген.
- Мамандардардың мүмкіндігін ескере отырып, қажеттілікті анықтадық. Күрделі жабдықтар мамандар жұмыс істей алатын мекемелерге сатып алынатын болады. Бүгінгі таңда ауылдық дәрігерлер көбінесе генекологияға қажет қарапайым дәрігер қобдишасына, таразы мен өлшеу жабдықтарына зәру. Онымен әрбір медицина қызметкері қолдана алады, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева.
Айта кетсек, ШҚО-да дәрігер мамандар тапшылығы 103 адамды құрап отыр, оның ішінде 22-сі ауылдық жерлерге қажет. Бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие мамандар, олар – акушер-гинекологтар, анестезиологтар және сәулелі терапия мамандары. Биылғы жылы медициналық оқу орындарының 89 түлегі Шығыс Қазақстанның ауылдарына жұмысқа орналасты, оның 9-ына қызмет пәтерлері берілді, 9-ы несие алып, 47-і әлеуметтік пакетке ие болды.
T. Кіршібаев