• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

ШҚО аудандары “меншікті уақыт белдеуіне“ көшіп жатыр: Үкімет бұған дейді?

ШҚО аудандары “меншікті уақыт белдеуіне“ көшіп жатыр: Үкімет бұған дейді?
Фото: Midjourney

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының "меншікті уақыт белдеуіне" көшуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде Серік Жұманғарин қазір уақыт белдеуі мәселесіне жетекшілік етпейтінін айтты, бірақ өз пікірін білдірді.

"Әкімдіктің шешіміне келсек, бұл туралы бұрыннан айтып жүрміз. Оларда уақыт пен жұмыс кестесін өзгерту құқығы бұрыннан бар. Қазір осы жұмыстың басталғаны жақсы. Менің ойымша, бұл көптеген мәселені шешеді", - деді Серік Жұманғарин.

Бірнеше ауданның "меншікті уақыт белдеуіне" көшу туралы шешімін вице-премьер "дұрыс" деп санайды.

Еске салайық, 5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы жұмыс күнін 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайтын "жеке" жұмыс кестесіне көшті, ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы тәртіпке өтті.

5 наурыздан бастап Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самара аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтыны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget