Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соталды тергеу басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 ақпанда әлеуметтік желіде Жақсылық Омар ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Сол кезде өңірлік әкімдік мұндай мәлімет жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкімдік "әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын" хабарлады.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған ведомство жауабында.
Алайда ҰҚК Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын нақтыламады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова