Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр:
- 190-баптың 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша ("Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам жасаған ірі мөлшердегі алаяқтық");
- 366-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша ("Лауазымды адамның ірі мөлшерде пара алуы").
Қазір Жақсылық Омар қамауда отыр. Сот процесі 19 наурызда ашық режимде, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен өтеді.
Еске салайық, 13 ақпанда әлеуметтік желіде Жақсылық Омар ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Сол кезде өңірлік әкімдік мұндай мәлімет жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкімдік "әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын" хабарлады.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова