- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ішкі істер министрлігі...
Ішкі істер министрлігі кальянға қатысты мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда кальян шегуге қатысты ұстанымды мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды.
"Қоғамдық орындарда кальянға тыйым салынады, рейдтер жүргізіліп жатыр. Анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Егер мұндай заңбұзушылыққа куә болсаңыз, 102 телефонына хабарласып, хабарлаңыз, полиция келіп, тиісті шара қолданады", - деді Әлекешев.
Айта кетейік, наурызда қазақстандық рестораторларға кальян үшін айыппұл салу ұсынылғанын жазғанбыз. Бұл туралы Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева айтты.
Оның айтуынша, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанына қарамастан, барлар мен мейрамханаларда әлі де жалғасып жатыр.
"Осыған байланысты Мәжіліс депутаттарымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (ӘҚБК) осы регламент бойынша айыппұл көлемін ұлғайтуға қатысты нормаларды әзірлеп жатырмыз. Жаңа нормаларды енгізу бүгінде заңнама тек тұтынушының өзіне қатысты шараларды қолдануды реттейді, бірақ осы темекі өнімдерін өз үй-жайларында тұтынуға рұқсат беретін рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты қазір пысықтап жатырмыз және ӘҚБтК шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді. Яғни, айыппұл сомасы да ұлғайтылып, рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма күшейтіледі", - деді Гүлнар Сәрсенбаева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина