Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады. Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болуына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол ережесін сақтау сұралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 20-дан аса учаске жабық, олар: Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жолда жүру қағидаларын, соның ішінде ауа райына сәйкес жылдамдық режимін қатаң сақтаңыздар. Алдыңызда келе жатқан көлікпен арақашықтықты ұлғайтыңыздар. Ауа райына байланысты жарық белгілерін қосыңыздар. Маневр жасаудан, жолақ ауыстырудан аулақ болыңыздар. Шұғыл шаруа болмаса, алыс сапарлардан уақытша бас тартқан жөн", - деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Еске салайық, 10 ақпанда Ақтөбе-Астрахань тасжолында 10 көлік жол апатына ұшырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!