Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы атышулы Kyzdar.net сайты неге әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, сайттың сервері шетелде орналасқан.
"Біз бұл сайтты Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі арқылы бірнеше рет бұғаттау үшін жібердік. Ол бұғатталған, бірақ кейін белгілі бір уақыттан кейін ол басқа домендермен, басқа атаулармен ашылады. Сервердің өзі шетелде орналасқан, сондықтан бүгінде оған тосқауыл қою бізге аздап қиындық туғызып жатыр, бірақ біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деп түсіндірді Нұрмағамбетов.
Еске салайық, наурыз айында Ішкі істер министрлігі Kyzdar.net сайтының топ-менеджерлерінің ұстады. Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, олар әлі сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл ретте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы бұл сайттың Қазақстаннан тыс жерде жүрген басқа басшылары әлі де бар екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!