- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ішкі істер министрі...
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президентке есеп берді
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марат Ахметжанов:
- еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде мәлімдеді;
- қылмыс санының азайғаны жөнінде баяндады;
- CyberPol жобасының нәтижелерімен таныстырды;
Есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді:
- жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленген;
- ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіленген;
- ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелгенін айтты;
- адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталғанын хабарлады;
- отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы баяндады;
- жол-көлік оқиғаларының алдын алу және шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
Президент құқық қорғау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшылығына құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина