Өзбекстанда Үргеніш тұрғындары кәмелетке толмаған қызды ұрламақ болған ер адамды ұстап алып, ұрып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әлеуметтік желілерде тұрғындар ер адамды кәмелетке толмаған қызға тиісті және оны ұрламақ болды деп айыптаған видео тараған. Ер адам өзін бейадекват ұстаған, оның бетінде ұрып-соққан іздер көрінеді.
Жергілікті тұрғындар ер адамды өз бетінше ұстап алып, оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін ұстаған. Облыстық Ішкі істер басқармасы өкілдері 2006 жылдан бері 43 жастағы ер адам шизофрения диагнозымен есепте тұрғанын мәлімдеді.
"Осы оқиғадан кейін ол психоневрологиялық диспансерге жатқызылды", - деді құқық қорғау органдары.
Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!