Өзбекстанның Қызылтепе ауданында жүйке-психикалық аурулар диспансерінде есепте тұрған ер адам такси жүргізушісінің көлігін ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының азаматының сөзінше, 17 мамырда түнгі 03.35-те жолға шығу үшін жолаушыларды жинап жатқан. Ол белгісіз ер адамды Қызылтепе ауданының орталығына апаруға келіскен. Клиент автокөлікке отырып, ал жүргізуші басқа жолаушыларды күтіп тұрған. Осы сәтте көлікте отырған жолаушы "Нексияны" айдап әкеткен.
Полицейлер 34 жастағы ер адамды анықтады. Ол "шизоаффективті бұзылыстың аралас түрі" диагнозымен жүйке-психикалық аурулар диспансерінде есепте тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!