- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шипажайға жарылғыш зат...
"Шипажайға жарылғыш зат апара жатыр". Таразда полицейлерге шұғыл хабарлама түскен
Жамбыл облысында лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Еlitar.kz.
Басылым мәліметінше, Тараз қалалық ПБ-ның жедел бақылау орталығына белгісіз адам "33 жастағы тұрғын Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш зат салып апара жатқанын" хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен аудандық полицейлер тексеріс барысында ешқандай жарылғыш зат пен күдіктіні анықтамаған.
Меркі аудандық ПБ және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шаралары нәтижесінде жалған ақпарат берген 41 жастағы тараздық ұсталған. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәліметінше, қазір бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстiң 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ж. Қадыржанова