- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жүзім тренд
Shine Muscat: трендке айналған жүзімнің зиян екені рас па?
Желіде трендке айналған Дубай шоколадының орнына Shine Muscat жүзімі келді. Бұл жүзім несімен ерекше және ол денсаулыққа зиян емес пе? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Әлеуметтік желілерде трендке айналған кезекті тағам - Shine Muscat жүзімі. Елімізде үлкен және ішінде сүйегі жоқ бұл жүзімге сұраныс күрт артты.
@damelya_sw_ Очень сладкий, прям невозможно 🤓😝
♬ оригинальный звук - Damelya Sweet
Қазақстанда Shine Muscat жүзімінің бір шоғының бағасы - 1500 теңге мен 10 000 теңге арасында.
@rasima.bagirova Шайн мускат тот самый Хит виноград #mukbangs #шайн #шайнвиноград #виноград #японскийвиноград #корейскийвиноград #китайскийвиноград #мукбангвидео #мукбангеданакамеру #асмр #обзорастана #обзореды #Расимаобзоры #Расимамукбанг #асмрзвуки #mukbangvideo ♬ оригинальный звук - Rasima Bagirova
"Дубай шоколадын қойып, бәрі жүзімге көшті", "Дубай жүзімі", "Мен әлі Дубай шоколадын жеп көрмедім, күте тұрыңыздаршы", - деп қалжыңдаған желі қолданушылары.
Shine Muscat деген қандай жүзім?
Бұл Жапонияда өсірілген жасанды мускат сұрыбы. Оны сондай-ақ "манго жүзімі" деп те атайды. Ол 2003 жылы сынақтан өткен, содан кейін сатылымға шыққан.
Shine Muscat - өте үлкен, ашық жасыл түсті және тұқымы жоқ жүзім. Ол сәл қытырлақ құрылымымен және тәтті дәмімен ерекшеленеді. Әдетте, оны мерекеге немесе сыйлық ретінде сатып алады, өйткені күнделікті тұтыну үшін ол барлық адамға бірдей қолжетімді емес. Кішкентай бір шоқ жүзімнің салмағы шамамен 400-500г, ал әр жидектің салмағы 10-12 г-ға жетеді.
Бұл жүзімді жасау үшін жапондық селекционерлер "акица-21", "Александрия мускаты" және "хакунан" сұрыптарын будандастырған. Нәтижесінде Shine Muscat еуропалық және жапондық сұрыптардың гибридіне айналды. Фермерлер бұрыннан жапон климатында еуропалық жүзімді өсіру қиынға соққан, сондықтан олар осындай будандастыру әдістерін байқап көрген.
Бұл жүзім Жапонияда ғана емес, Оңтүстік Корея мен Қытайда да өсіріледі
Шайн Мускат жүзімі Жапониядан Оңтүстік Корея мен Қытайға келген. Бұл жақтағы фермерлер де оны өсіру жолын меңгеріп алған. Алайда оның дәмі әр елде әртүрлі екені айтылады. Жапон жүзімі сәл қытырлақ келсе, корей жүзімі хош иісті, ал қытай жүзімінің сырты қаттылау, дәмі - тәтті. Басқа елдерге экспортты ең алғаш Корея бастаған. Жүзімді жинау шыңы - тамыздан қыркүйекке дейін. Оны суық кезде жылыжайда өсіреді.
depositphotos.com
Қытайдан шығатын Shine Muscat жүзімінің зиян екені жайлы ақпарат тарады
Globe басылымы тайландтық пестицидтер туралы ескерту желісі (Thai-PAN) Қытайдан әкелінген Шайн Мускат жүзімінің ластануы туралы ескертулер шығарғанын хабарлады. Олар сыналған үлгілердің көпшілігінде қауіпті химиялық заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден жоғары екенін анықтаған. Thai-PAN компаниясы Тайландтың тұтынушылар кеңесімен (TCC) және азық-түлік және дәрі-дәрмектерді басқару басқармасымен (FDA) бірлесіп зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін бөлісті.
Thai-Pan координаторы Прокчон Ушап TCC әртүрлі көздерден танымал жүзімнің 24 үлгісін сатып алғанын хабарлады. Олардың екеуі интернет-дүкендерден, жетеуі жеміс-жидек сататын дүкендер мен базарлардан және 15-і супермаркеттерден сатып алынған. Бағалар килограмына 100-ден 699 батқа (1500 теңгеден 10 000 теңгеге) дейін өзгерді.
"Тек тоғыз үлгі Қытайдан әкелінген деп анықталды, ал қалған 15 үлгінің шыққан елін анықтау мүмкін болмады", - деді ол.
Ол бір үлгіде Тайландта тыйым салынған инсектицид хлорпирифос бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар 22 сынамада 0,01 мг/кг қауіпсіздік шегінен асатын 14 түрлі зиянды химиялық заттардың қалдықтары, сондай-ақ тағы 50 пестицидтердің қалдықтары, соның ішінде триасульфурон, цифлуметофен, тетраконазол және флудиоксонил сияқты 22 химиялық заттар табылды.
Олардың айтуынша, бұл пестицидтердің жүзім тіндеріне түсетінін атап өтті, яғни оларды жою қиындайды.
Thai-PAN және TCC Денсаулық сақтау министрлігін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, мысалы, импорттаушылар мен дистрибьюторлардан импортталатын Шайн Мускат жүзімінде шыққан елін нақты көрсетуді талап ету.
Пестицид деген не?
Пестицид - бұл улы зат. Пестицид ауыл шаруашылық өсімдіктерін жәндіктер мен көгеруден қорғау үшін қолданылады. Дегенмен оның құрамындағы элементтер зиянкестер үшін ғана емес, адамдар үшін де қауіпті. Пестицид адам ағзасына көп мөлшерде түсетін болса, жүйке және репродуктивті жүйеде мәселе тудырады.
Сондықтан жеміс-жидек, көкөністерді жемес бұрын, оларды жақсылап жуып алу керек.
Жеміс-жидектер мен көкөністерді қалай дұрыс жуу керек?
500 миллилитр суға 1 шай қасық сода қосып жақсылап араластырыңыз, жемістерді сода қосылған суға 15-20 минутқа жібітіп қойыңыз. Кейін бәрін сумен шайып, табиғи жолмен немесе майлықпен құрғатыңыз. Жуылған өнімді тоңазытқышта сақтау керек.
Тіпті жемістің қабығын ашимын деп жоспарласаңыз да, оларды сода қосылған сумен жуған дұрыс. Себебі өнімнің қабығын ашу кезінде пестицидтер ішіне ауысуы мүмкін.
Ал жеміс-жидекті қайнатып не пісіретін болсаңыз, сода қосылған суда жібітпеуге рұқсат етіледі. Алайда су бірінші рет қайнаған кезде оны ауыстырған жөн.
Еске салайық, бұған дейін желіде хитке айналған Дубай шоколады жайлы жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова