Шинадағы жазуларды тек көріп, ойламай өтіп кететіндер көп. Бірақ оларды түсінбесеңіз, көлігіңіз тек төрт дөңгелегі бар қорапқа айналуы мүмкін! Дөңгелектегі жазулар қандай мағынаны білдіреді? Ол шинаның көлігіңізге сай келетінін қайдан білеміз? RunFlat деген жазудың мағынасы қандай? Толығырақ Massaget.kz тілшісі түсіндіріп береді.
Фото: Нұрбол Ынтымақұлы
Ең оңайынан бастайық. Жалпы дөңгелек маусымын анықтаудың ең сенімді тәсілі - өндіруші ұсынған каталогты қарау. Бірақ бүйірдегі белгілерді жеткілікті ақпар бере алады.
Ескеретін жайт: Айрықша белгілерге қойылатын, қатып қалған ереже жоқ. Сол себепті белгі форасы өндірушіге қарай өзгеруі мүмкін. Бұл өндірушіге байланысты.
Техникалық регламентке сәйкес, қар мен мұзда тек қысқы немесе M+S белгісі бар шиналарды қолдануға рұқсат етіледі.
Фото: Нұрбол Ынтымақұлы
Шинаның өлшемі - оны таңдаудың негізгі критерийі. Өлшемдер үш негізгі параметрден тұрады:
Мысалы, 205/55 R16 жазуы:
Мұндағы R радиус емес, диаметрді білдіреді.
Фото: Нұрбол Ынтымақұлы
Көлігіңізге шиналардың өлшемдері зауыт нұсқаулығында көрсетілген.
Оны табудың оңай жолы
Бұл жерде тек өлшемдер емес, сонымен бірге шинаның дұрыс қысымы да жазылады.
Көліктің аспа жүйесі (ходовка) осы параметрлерге негізделіп жасалған, сондықтан өлшемді өзгерту кезінде оның жағымсыз салдарына дайын болыңыз.
Шинаның салмақ индексі сандармен белгіленсе, жылдамдық индексі латын әрпімен көрсетіледі. Мысалы:
Салмақ индексі | Салмақ индексі | 1 дөңгелекке түсу керек салмақ, келі |
62 | 94 | 670 |
63 | 95 | 690 |
64 | 96 | 710 |
65 | 97 | 730 |
66 | 98 | 750 |
67 | 99 | 775 |
68 | 100 | 800 |
69 | 101 | 825 |
70 | 102 | 850 |
71 | 103 | 875 |
72 | 104 | 900 |
73 | 105 | 925 |
74 | 106 | 950 |
75 | 107 | 975 |
76 | 108 | 1000 |
77 | 109 | 1030 |
78 | 110 | 1060 |
79 | 111 | 1090 |
80 | 112 | 1120 |
81 | 113 | 1150 |
82 | 114 | 1180 |
83 | 115 | 1215 |
84 | 116 | 1250 |
85 | 117 | 1285 |
86 | 118 | 1320 |
87 | 119 | 1360 |
88 | 120 | 1400 |
89 | 121 | 1450 |
90 | 122 | 1500 |
91 | 123 | 1550 |
92 | 124 | 1600 |
93 | 125 | 1650 |
126 | 1700 |
Салмақ индексінің артында 14 латын әрпінің бірі орналасқан. Олар "жылдамдық индексі" деп аталады. Яғни белгіленген шектен жылдамдықты асыру, оның жарылуына немесе зақымдануына алып келеді.
Жылдамдық индексі | Шекті жылдамдық, км/сағ |
J | 100 |
K | 110 |
L | 120 |
M | 130 |
N | 140 |
P | 150 |
Q | 160 |
R | 170 |
S | 180 |
T | 190 |
H | 210 |
V | 240 |
W | 270 |
Y | 300 |
Көлікке сай келетін индекс параметрлерін есік жақтауынан немесе бактан көре аласыз.
RunFlat технологиясы тесілген дөңгелекпен 50–100 км қашықтыққа дейін жүруге мүмкіндік береді. Бұл технология шинаның бүйірлерін қосымша нығайту арқылы жасалған.
Шыны керек, ескі шинаға "өмір демеуін" беру өзіңізге қазылған шұңқырға тең. Қымбат көрінсе де, жаңа дөңгелекке ақша аямаңыз. "Арзанның сорпасы татымас" деген сөздің көлікке де қатысы бар!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!