Шеттен қолданылған шина әкелуге тексеріс күшейді

Шеттен қолданылған шина әкелуге тексеріс күшейді
Фото: depositphotos.com

Прокуратура қолданылған шиналардың елге заңсыз әкелінуіне тексерісті күшейтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елге арнайы рұқсат болған жағдайда ғана қолданылған көлік шиналарын (ТН СЭҚ коды 4012) әкелуге рұқсат етіледі. Бас көлік прокуратурасы бұл тыйымды айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге әкелетіндерді анықтаған.

"Биыл сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық қолданылған шиналарды заңсыз әкелудің 159 дерегі тіркелді. Тағы бір өңірде былтыр 200 тоннадан аса осындай өнім әкелінген. Мұндай шиналар қауіпті қалдықтар ретінде жіктеледі, олар жол қозғалысына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Осы жағдайлардан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауды күшейткен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget