Маңғыстау облысында Шетпе - Жетібай тасжолында қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8-14 қыркүйек аралығында Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау республикалық маңызы бар тасжолының 705-712-шақырымында көліктің барлық түріне қозғалыс шектеледі.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде көліктер Жетібай ауылының ішкі жолымен жүре алады.
Негізгі учаскедегі қозғалыс 14 қыркүйекте қалпына келтіріледі деп жоспарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!