- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелге заңсыз шығарылған...
Шетелге заңсыз шығарылған активтер: мектеп салуға 300 млрд теңге бөлінген
Қазақстанда шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде қайтарылған 200-300 миллиард теңгеге мектеп салуға жұмсалды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, активтерді қайтару бойынша Қаржы министрлігінің жанынан жеке қор құрылған.
"Бүгінде 1 триллион теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Ол жерде тек ақша емес, активтерде бар. Сондықтан біз ол активтерді нарыққа шығаруымыз керек. Одан түскен ақша еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Бүгінде қолда бар ақпаратқа сәйкес, қаражат ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде шамамен 200-300 млрд теңге мектеп салуға бөлінді", - деді Бауыржан Құдайбергенов Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салайық, бұған дейін заңсыз шығарылған активтерді қайтару барысында Үкімет ауқатты адамдарды тексеретіні хабарланды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz