- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелге оқуға барған...
Шетелге оқуға барған дәрігерлер қыдырып жүр - Ринат Зайытов
Ринат Зайытов шетелге оқуға барған қазақстандық дәрігерлер сабақ оқымай қыдырып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгінде Қазақстанда дәрігерлерді дайындауға бюджеттен 300 миллион теңген бөлінгенін атап өтті.
"Бұл да аз ақша емес. Жақында Түркияда болдым. Ондағы азаматтар денсаулық сақтау министріне сәлем айтты. Олардың айтуынша, Түркияға адамдарды жіберіп, оқытқаннан гөрі ешқандай пайда жоқ. Жасыратыны жоқ, ол жақта дәрігерлеріміз сабақ оқығаннан гөрі көп қыдырады екен. Шетелдегі азаматтар сол ақшаға түріктің маманын алдыртып, неге елімізде оқытпайды деп айтты. Себебі осылай тиімді болады екен", - деді Ринат Заитов Мәжілісте.
Ол мәселеге министр назар аударуы керек деген ұстанымда.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек