Танымал әнші Салтанат Бақаева жазда Қазақстанның қай жерінде демалуға болатынын айтып, отандық туризмді дамытуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, ол биыл отбасымен бірге шетелде демалуға бармаған.
"Жаздың бітуіне аз қалды. Шын мәнінде уақыт зымырап өте шықты. Бұл жазда балаларымызды шетелге апармасақ та отбасымызбен өте керемет уақыт өткіздік! Бір рет Қапшағайға барып, 3-4 күнге Алакөлге барып өте керемет демалдық! Алакөлден кейін тіпті шетелге бармаса да болады деген ой келді, себебі табиғаты әдемі, суы одан да керемет!" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Салтанат Бақаева Алакөл мен Қапшағайға ғана емес, Ақтауға да барғысы келгенін жасырмады. Алайда бұл жолы сәті түспепті.
"Негізі Ақтауға да барғымыз келеді, бірақ жұмыстан босамай жатырмыз. Өз еліміздің туризмін дамытайық, ол бөтен елге керек емес, өзіміз бағалай білсек өзге жұрт та тартылады!" - деп жазған әнші тыңдармандары мен әлеуметтік желідегі оқырмандарын отандық туризмді дамытуға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!