- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдіктердің Қазақстан азаматтарына...
Шетелдіктердің Қазақстан азаматтарына деген көзқарасы қандай?
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелде еліміздің азаматтарына қалай қарайтыны туралы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Брифинг кулуарында журналистер Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне "Шетелде "қазақофобия" бар ма" деген сұрақ қойды. Айбек Смадияров қазақстандықтарға шетелдіктердің көзқарасы түзу екенін айтты.
"Жоқ, азаматтарымыз саясатымыздың, халқымыздың және менталитетіміздің арқасында дүниежүзінің барлық елінде өзін әрқашан еркін сезінеді", - деп жауап берді ол.
Сонымен қатар Айбек Смадияров басқа мемлекеттерге саяхаттағандағы тәжірибесі туралы да айтты.
"Мен дүниежүзінің көп елінде болдым, азаматтарымызға жақсы қарайды", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан