Жамбыл облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырушылар әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қордай ауданының прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрған.
"Мамыр-шілде аралығында Алматы қаласы аумағында белгіленген өткізу бекеттерінен тыс Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларының 10 азаматы анықталды. Заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен 4 адам ұсталды. Оның ішінде үшеуі - Қазақстан азаматы, ал біреуі - Қырғыз Республикасының азаматы", - деді Жамбыл облысы прокуратурасы өкілдері.
Қырғыз Республикасының азаматы шетелдік азаматтарды мемлекеттік шекараға дейін әкелген, кейін оларды Қазақстан аумағында Алматы қаласына одан әрі тасымалдау үшін сыбайластары қарсы алып отырған.
Барлық күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 394-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз