Шетелдіктер қысқы Олимпиаданың Алматыда өтпейтініне өкініш білдірді

Шетелдіктер қысқы Олимпиаданың Алматыда өтпейтініне өкініш білдірді
Фото: rudaki.ru, nur.kz

Қысқы Олимпиаданы өткізудің Алматыға бұйырмағанына шетелдік сарапшылар өкінішін білдіруде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. 

Олар Алматы өтінімінің артықшылықтары оның осыған ұқсас жарыстарды өткізу тәжірибесінің бар екенін инфрақұрылым нысандарының 70%-ға дайын болуы ықшамдылығы әрі климаты да келетінін атап өтті.

Британдық Guardian басылымында 2022 жылғы Олимдиада ойындарын өткізу Қытайға бұйыратыны алдын ала болжалды. Алайда Алматыда Бейжіңге қарағанда қар қалың түсетіндіктен, бұл ойындарды Қазақстанда өткізген жөн деген пікірді жариялады.

05

Ал ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ресей Федерациясының Cпорт министрі Виталий Мутко: "Бәсі биік доданы өткізуге қазақстандықтардың қаншалықты дайындалғанын біле тұра, қысқы ойындарды өткізу мәртебесіне иеленбегені өте өкінішті", - деді.

Еске сала кетсек, кеше Куала-Лумпурдегі ХОК сессиясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталып,  жарысты өткізу мәртебесі Бейжіңге бұйырды.

Қ. Бүйенбай