Шетелдіктер косметика деп Қазақстанға есірткі әкелмек болған

Шетелдіктер косметика деп Қазақстанға есірткі әкелмек болған
Фото: ҰҚК

Тамызда ҰҚК Шекара қызметі көлік прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласының әуежайында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі әкелудің үш дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы табылған. 

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 келіден асқан.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

"Материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget