- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдіктер Қазақстанда тұруға...
Шетелдіктер Қазақстанда тұруға рұқсат алуы үшін төлқұжат ұсынуы керек
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдік төлқұжат (паспорт) - Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат ретінде және олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат ретінде танылған.
Тағы бір өзгеріс - өтініш берушінің соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың цифрлық көшірмесі емес, түпнұсқасын ұсынуы. Оны құзыретті органның уәкілетті қызметкері бекітуі және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен куәландыруы қажет.
"Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздемейді. Жоба теріс әлеуметтік-құқықтық салдарларға әкеп соқпауды көздейді", - делінген түзетулер жобасына түсіндірме жазбада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова