- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шетелдік университеттерге түсіреміз...
"Шетелдік университеттерге түсіреміз деп уәде берді": Алматыда ата-аналар білім орталығының "алаяқтығын" әшкереледі
Алматыда ондаған жеткіншектің ата-анасы шетел университеттеріне оқуға түсіреміз деп уәде берген білім орталығының басшылығына арызданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ашынған алматылықтар компания кеңсесіне плакаттар ұстап келді.
Видео кадры
Ата-аналардың бірі Нұргүл Өнербаеваның айтуынша, білім беру орталығы мектеп оқушыларын Еуропа университеттеріне оқуға дайындауға уәде берген. Алайда оның айтуынша, оқу курсы толық төленгеннен бір-екі ай өткеннен кейін орталық өз уәделерін орындамай бастаған.
"Біздің кәмелетке толмаған балаларымыз балаларды шетелге түсуге дайындау бойынша алаяқтық схемаға тап болды. Компания мектептерді аралап, Instagram-да, әлеуметтік желілерде агрессив жарнамаланды. Менің қызым бұл орталықта ақпаннан бастап оқи бастады. Бір жарым ай бойы сабақтар толыққанды өтті - ағылшын, математика. Кейін сабақтар болмай, мұғалімдер жұмыстан шыға бастады. Ал мамырдың басында балалар мүлдем дымсыз қалмады. Сабақтар мүлдем тоқтады. Қазір сабақ өткізілмегеніне 2 айға жуықтады", - деді Нұргүл Өнербаева.
Видео кадры
Ата-ананың айтуынша, баланы оқыту үшін ол мектепке 2 миллион теңге төлеген. Кейбір ата-аналар балаларға оқу ақысын төлеу үшін несие алуға мәжбүр болды.
"Төлем шарты бойынша оқу ақысы 100 пайыз алдын ала төленуі керек еді. Ал сома 2 миллионнан 2,5 миллион теңгеге дейін өзгереді. Мектеп толыққанды дайындықты, күнделікті сабақтарды және оқуға түсу кезінде көмектесуді, құжаттарды жинауды, мотивациялық хаттар жазуды, портфолио жинауды және т.б. уәде етті. Біздің балалар Еуропа, Түркия, Чехия, Италия елдеріне түседі деп уәде берді. Кейбір ата-аналарға 100 пайыздық грант уәде етілді. Біз бұл орталыққа жүгіндік, өйткені олардың өкілдері мектепке келіп, презентация жасады. Біз сол жерге жазылып, оқуды бастадық. Бірақ іс жүзінде бір жарым жыл төленген оқу бір жарым айға созылды", - деді әйел.
Қазір Алматыдан 100-ге жуық ата-ана төленген соманы қайтаруға тырысып жатыр.
"Біз сабақты қайта бастауды сұрадық, бірақ мектептің негізін қалаушы ештеңе істемейді. Қазір ол басқа балаларды жинап жатыр. Әлеуметтік желілерде агрессив жарнамаларды іске қосты. Балалар оларға сенеді ғой! Біз қазір мұның бәрін тоқтатуға тырысып жатырмыз, жаңа құрбан болмас үшін органдарға жанайқайымызды жеткізіп жатырмыз", - деп ашуланды Нұргүл Өнербаева.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір құқық қорғау органдары іспен айналысып жатыр. Олардың айтуынша, полицияға осы орталыққа қатысты 100-ге жуық өтініш түскен.
"Бірнеше рет жасалған аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Барлық эпизод бір өндіріске біріктірілген. Қазір қылмыстық іс шеңберінде сот-экономикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек