Шетелдік туристерге Байқоңырға кіру тәртібі жеңілдетілді

Байқоңыр Қазақстан туризмін дамытатын орталықтардың бірі болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздегі бірегей туристік жерлердің бірі - Байқоңыр кешені, ол - әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағы. Премьер-министрдің тапсырмасымен Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.

"Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында шетелдік туристерге рұқсат алу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл кешеннің қолжетімділігін арттырып, туроператорларға зымыран ұшыратын сәтті көруге апару бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берді. Қазақстанға қайтарылған Гагарин ұшқан алаң, монтаждап орнату және жанармай құю кешені мен динамикалық сынақтар стенді жоғары туристік әлеуетке ие", - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Өңірде 2025 жылғы желтоқсанда бекітілген туристерді тартуға бағытталған іс-шаралар күнтізбесіне ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде жоспарланған 55 іс-шараның 17-сі өткізілген, ал келушілердің жалпы саны 150 мың адамнан асқан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз