- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шетелдік мамандарды тарту...
"Шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді": ТЖМ Майқайыңдағы жағдай туралы
"Майқайың алтын" АҚ аумағындағы авариялық-құтқару жұмыстары әлі де күрделі жағдайда жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлығы 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылған.
"Шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді. Жұмыстар қиын жағдайда жүргізіліп жатыр, тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар. Жұмыс істейтін құтқарушыларды жылыту үшін үйінді түбінде шатыр мен калорифер орнатылды, экскаваторшы мен басқа да адамдардың шұңқыр түбіндегі жұмыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар бар автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі шығарылмағаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова