- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдік көліктерді заңдастыру...
Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзара ма? ІІМ жауап берді
ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев ІІМ брифингінде шетелдік көлікті заңдастыру туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілі бүгінде Қазақстанда 177 мыңнан аса автокөлік тіркелгенін, оның ішінде 10 мыңға жуық конструктор-автокөліктер екенін мәлімдеді.
"1 шілдеге дейін өтініш берсеңіз, бұл өтінішті әрі қарай қарастыратынымызды атап өткім келеді. Яғни, байбалам саулдың қажеті жоқ, бізде әлі уақыт бар. Көлігіңізді заңдастыру үшін ең бастысы 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтініш беру керек", - деді Жамалиев.
13 мыңға жуық автокөлік алдын ала мақұлданған. Олардың 90 пайызы жақын арада тіркеледі деп болжанып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру аяқталуына екі апта қалғаны хабарланған еді. Сонымен қатар, конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді.
Ал ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова