Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара - шетелдік автокөліктерді заңдастыру.
Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан аса шетелдік автокөлік бар. Оның барлығы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен - Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусьтен әкелінді (99 пайызы).
"Көліктерді Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең - заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең - барлық қажет құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу", - деді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!