Шетелдік блогер тікелей эфирдегі пікірі үшін Қазақстаннан шығарылды

Шетелдік блогер тікелей эфирдегі пікірі үшін Қазақстаннан шығарылды
Фото: Видео кадры

Астанада полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында шет мемлекеттің азаматы арандату сипатындағы және әдепке жат пікір айтқан тікелей эфирлерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот шешімімен шетел азаматы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңнамада белгіленген тәртіппен оны ел аумағынан шығару бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Кейінірек Астана Полиция департаменті шетел азаматы Қазақстан аумағынан кеткенін мәлімдеді.

Заңнамаға сәйкес оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget