- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдік банктер қазақстандық...
Шетелдік банктер қазақстандық кәсіпкерлерге несие беруі мүмкін
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Қазақстанда шетелдік банктер бизнеске несие беруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде бірқатар шетелдік банк қарастырылып жатыр.
"Қызығушылық бар. Біз Қытай, Оңтүстік Кореямен тығыз экономикалық байланыстамыз. Олар біздің кәсіпкерлерді біледі және осы елдердің елімізде бизнесі бар. Бүгінде олардың еншілес банктері жұмыс істейді. Мысалы, Bank Of China, ICBC, SHINHAN BANK (Оңтүстік Корея) және BNK Finance Kazakhstan микроқаржылық ұйымы (Оңтүстік Корея) бар. Бұдан бөлек Al Hilal bank бар. Олардың бизнесте тәжірибесі бар. Сондықтан олар қазақстандық нарыққа кіруге қызығушылық танытары сөзсіз. Мұны іске асыру үшін банк секторындағы кейбір кедергіні алып тастап, заңға бірқатар өзгеріс енгізу қажет. Олар Қазақстан бекіткен базалық ставка бойынша жұмыс істейді. Себебі, несие теңгемен беріледі", - деді Нұрлан Әбдірахманов Сенатта.
Сондай-ақ төрағаның орынбасары бүгінде елімізде 21 банк жұмыс істеп жатқанын, алайда қосымша қаржы институты артық етпейтінін атап өтті.
"2020-2021 жылдарға дейін Қазақстанда 3 ресейлік банк жұмыс істеді: Альфа банк, Сбербанк және ВТВ банк. Бүгінде ВТВ-дан басқасы елімізде жұмыс істемейді, ал ВТВ-ның қызметі шектелді. Олар бизнеске несие берумен айналысты, жергілікті банктермен бәсекеге түсті. Бұл кредит бойынша ставканы төмендетті. Сондай-ақ бұл кәсіпкерлерге кредит алуға мүмкіндік берді. Сондықтан бізде осындай банк бар, осы жеткілікті деген ереже жоқ. Елімізге капиталы бар, тәуекелге бара алатын ірі банктер керек", - деді басшы.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан