Мемлекет басшысы "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Жаңа Заңға "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды.
Жаңа Заңда бірқатар тың ережелер қарастырылған.
Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да қамтитын "масс-медиа" деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді.
Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу.
Гранттық қаржыландыруды енгізу арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері жетілдірілді.
Ұлттық теле-радио хабарларын тарату мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемі 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылды.
Отандық теле-радио арналарда шетелдік теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялау көлемі 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетілді.
Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтірудің жолдары мен оған үндейтін ақпаратты таратуға және (немесе) жариялауға тыйым салынады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!