Шетелдік азамат Шымкентте қылмыс жасағаны үшін жазасын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы С.-ға ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігімен (билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) айып тағылған. Істі қарау нәтижесінде анықталғаны:
Шет ел азаматы С. 4 маусымы күні Шымкент қаласында құжатсыз жүргені себепті тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды қабылдау және тарату мекемесінің №7 камерасына орналастырылып, камерада кезекші инспектор Ш.-ның сол жақ жағы аумағына оң қол жұдырығымен ұрып құлатып, мекемеден қашпақ болған.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Қорғау тарапы сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсын мойындамай, өзіне жеңіл жаза сұрады.
Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай анықталмаған. С. ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз