- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдік азамат Қазақстандағы...
Шетелдік азамат Қазақстандағы туыстарына қонаққа барып, жоғалып кетті
Фото:
instagram/volontery_almaty_lider.kz
Ақмола облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы үш аптадан бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1972 жылы туған Рахманқұлов Құлмахамбет Әбдухалилұлы 2023 жылғы желтоқсанда Астанадан Біржан сал ауданы, Краснофлотское ауылындағы туыстарына қонаққа барған. Содан кейін байланыс үзілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ер адамның қайда екені әзірше белгісіз. Жоғалған күні: 20.01.2024 ж.
Хабар-ошарсыз кеткен адамды көрген-білген адамдар +7 775 337 77 50, +7 705 544 12 57 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан