Ақтөбеде мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, көршілес мемлекеттің азаматы бұған дейін де еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған. Ол Батыс Қазақстан облысы сотының шешімімен елден шығарылған.
"Алайда 38 жастағы ер адам Қазақстанға келуге шектеу қойылғанына қарамастан, заңсыз қайта кірген. Ол мемлекеттік шекарадан оңтүстік өңірлер арқылы жаяу өткен. Жедел іс-шаралар барысында оның Ақтөбе облысы аумағында жүргені анықталды. Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде полиция қызметкерлері шекарадан заңсыз өткен шетелдікті Ақтөбе қаласында ұстады. Ол қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!