Шетелдік алаяқтарға көмектесті деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен трафик және телефон байланысын заңсыз ұйымдастарды деген күдікпен қазақстандықты ұстады.
Тергеу мәліметіне сәйкес, шетелдік алаяқтар арам ойын іске асыру үшін күдіктімен байланыс орнатқан.
"Қазақстандық оларға қоңырау шалынған орынды жасыруға көмектескен. Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді Қазақстан (нөміріне) ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламаның көмегімен іске асқан. Салдарынан күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіріп, үстеме пайда тапқан. Шетелдік алаяқтар қазақстандықтың қызметін пайдаланып, республиканың тұрғындарын алдаған", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!