- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдерде ҰОС ардагерлеріне...
Шетелдерде ҰОС ардагерлеріне қандай көмек беріледі?
Елдегі соғыс ардагерлері биыл 3833 доллар көлемінде, яғни кемінде 1 жарым миллион теңге бір жолғы қаржылай көмек алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 50 мыңнан астам ардагер мен Жеңіске үлес қосқандарға 3 млрд теңге көмек қарастырылған.
Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүргізілмек. Айта кету керек, қазір елімізде 148 соғыс ардагері бар. Оның 108-і майданда болған. 40 адам түрлі жарақат алған.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан – 3833 доллар
Тәжікстан – 2300 доллар
Өзбекстан 1570 доллар
Беларусь – 1227 доллар
Әзербайжан – 1176 доллар
Қырғызстан – 1130 доллар
Грузия – 750 доллар
Молдова – 565 доллар
Ресей - 107 доллар
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова