- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- шетел есірткі
Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроп зат табылды
Фото:
Видео кадры
Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроп заты бар екі банка табылды.
"Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова