- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелден келген көліктерді...
Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке залал келтірген
Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырғаны анықталды.
Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам залалға әкеп соқтырды.
Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина