Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жарты жылдығында шетелден қаржыландырылған тұлғалардың кезекті тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 2023-2024 жылдары мәліметтерді ұсынған адамдар саны - 295, оның ішінде тұрақты түрде 118 тұлға, мерзімді 96, бір реттік 81 тұлға бар.
"Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімін арттыруға бағытталған. Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша туралы есептерді ұсыну жөніндегі талап әлемдік тәжірибеге сай келеді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімі Қазақстанда 2022 жылдан бастап жарияланады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!