Танымал әнші Айқын Төлепберген күзде үйлену тойын жасамақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы "Revue news" бағдарламасында айтты. Әнші тойын дүркіретіп жасауды жоспарлап отыр, қымбат мейрамхана жалдап, тіпті шетелден әртіс шақырған.
"Күзге үйлену тойын жоспарлап отырмыз. Біреулер күледі, басқасы мазақ қылады, бірақ, менің ойымша, әрбір қазақ қызының арманы - ақ көйлек киіп, күйеуге тию. Ал бізде ұзатудан кейін үлкен той болған жоқ, сондықтан бүкіл Қазақстанға дүркіретіп той жасап берейін деп отырмын. Жақсы мейрамханада. Оған қоса, шетелден бір әнші шақырамыз. Бұйыртса, әдемі бір шоу жасаймыз. Әртістің кім екенін әзірге айта алмаймын, келіссөз жүріп жатыр.
Ал тамадаға келетін болсақ, бірі Тұрсынбек Қабатов болса деген ойымыз бар. Әзірге келіссөз жүріп жатыр. Тағы бірі Ринат Сафарғұлов, ол келісімін берді", - деді Айқын Төлепбеген.
Айта кетейік, бұған дейін "Мені сотқа берді". Танымал композитор Айқын Төлепбергеннен ақша сұрағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Рамазан айында оқылатын дұғалар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!