Шетелден 7 айлық бала табылып, Қазақстанға қайтарылды

Шетелден 7 айлық бала табылып, Қазақстанға қайтарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Комитет 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан елге оралғанын хабарлайды. Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте "Балалар үйі" КММ-не жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.

"Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Ведомство мәліметінше, комитет балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.

"Біз қажет болған жағдайда балаларды Отанына қайтару үшін бар күш-жігерімізді саламыз және олардың кәсіби мамандардың қамқорлығында болуын қамтамасыз етеміз", – делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!