Шетелдегі оқу: Астана тұрғындары 152 млн теңгесінен айырылып қалды

Елорда тұрғыны "білім беру саласында қызмет көрсетеміз" деген желеумен 52 азаматтың 152 млн теңгесін иемденген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Білім беру орталығының негізін қалаушы әлеуметтік желідегі парақшалар және бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалар жариялаған. Ол еуропалық жоғарғы оқу орындарына түсуге және шетелде бір жылдық тіл білімінен босатуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификат ұсынатынын уәде етіп, курстарға жазылуды ұсынған.

"Алайда уәде етілген сертификаттар берілмеген, шет елге оқуға түсу деген уәде де орындалмаған. Сонымен қатар, оның компаниясында халықаралық аккредитация болмаған", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі

Күдікті өз кінәсін мойындамаған. Сот үкімімен ол 7 жылға оқу орындарын ұйымдастыруға қатысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз