- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелде төтенше жағдайға...
Шетелде төтенше жағдайға тап болған қазақстандықтарға арналған SOS түймесі іске қосылды
Фото:
pixabay.com
Шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды, - деп хабарлады Massaget.kz тілшісі "Отандастар" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Отандастар" қорының мәліметінше, мұндай жағдайда консулдық мамандар ең қысқа мерзімде хабарласады. Веб-платформа Qazalem деп аталады.
Көмек алу үшін мына шарттарды орындау қажет:
- Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстан консулдығын таңдау;
- Еліңізді және мекен-жайыңызды енгізу;
- Кері байланыс үшін телефон нөміріңізді немесе электрон поштаңызды қалдыру;
- Басыңызға түскен жағдайды қысқаша сипаттап жазу және "Жіберу" батырмасын басу.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz