- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелде төлқұжатыңызды жоғалтып...
Шетелде төлқұжатыңызды жоғалтып алсаңыз, не істеу керек?
Шетелде төлқұжат немесе кез келген маңызды құжатыңызды жоғалту саяхатыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Алайда барлық мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаңыз. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі мұндай төтенше жағдайда не істеу керегін түсіндіру үшін нұсқаулық дайындады.
Бірінші қадам, жақын жердегі полиция бөліміне хабарласып, төлқұжаттың жоғалғаны туралы хабарлаған дұрыс. Ал құжаттың ұрланғанына күдіктенсеңіз, тіптен жылдам қимылдаған жөн, өйткені визалық деректерді зиянкестер де пайдалана алады. Полицияға өтініш бергеннен кейін, олар бұл деректі ресми растау қажет, себебі ол жаңа құжаттарды рәсімдеу кезінде қажет болуы мүмкін.
Екінші қадам, қазақстанның елшілігі сіз барған мемлекетте/қалада қандай мекенжай бойынша орналасқанын анықтаңыз. Мекенжай, байланыс нөмірлері және қосымша ақпарат үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
Үшінші қадам, консулдық мекемеге хабарласып, төлқұжаттың жоғалғаны туралы хабарлау қажет. Оларға полициядан ұрлық немесе жоғалту туралы өтінішті, сондай-ақ егер сізде қалған болса, кез келген басқа жеке куәлікті ұсыну қажет. Бұл төлқұжаттың көшірмелері, жүргізуші куәлігі немесе басқа құжаттар болуы мүмкін. Осы мекеме арқылы Қазақстан азаматы елге қайтып оралуға арналған куәлік ала алады. Оралғаннан кейін паспортты қалпына келтіру үшін шұғыл түрде уәкілетті органдарға жүгіну қажет.
Қайтып оралуға арналған куәлік дегеніміз не?
Кіру куәлігі – шетелдік төлқұжаттың орнын басатын уақытша анықтама. Бұл мемлекет аумағында болуға және Қазақстанға оралуға көмектеседі. Қайтару туралы куәлік 1 жылға жарамды: осы кезеңде сіз өз отаныңызға оралуыңыз керек.
Құжатты алу үшін полициядан ұрлық немесе жоғалу туралы анықтама, жеке басын куәландыратын құжат, 3,5×4,5 см (түрлі-түсті немесе ақ-қара) екі фотосурет қажет. Оған қоса, елшілікте консулдық алымды төлейсіз.
Төлқұжатты жоғалту/ұрлатудың алдын алу үшін сапар алдында не істеу қажет?
- Төлқұжатты снакерден өткізіп немесе суретке түсіріп, оны өз поштаңызға жіберіңіз. Маңызды деректер мен жарамды виза көрсетілген беттерді түсіруді ұмытпаңыз.
- Саяхатшы құжаттарын жоғалтқан жағдайларды қамтитын сақтандыру полисін сатып алыңыз. Елге оралғаннан кейін сізге төлқұжатты ауыстыру үшін ақша қайтарылады.
- Сіз баратын ел/қаладағы Қазақстан консулдығының мекенжайын дәптерге жазып алыңыз. Бұл арқылы телефонды жоғалтып алсаңыз да, ақпаратқа ие боласыз.
- Құжаттарды бір жерге жинамағаныңыз жөн: жүргізуші куәлігін багажға салыңыз, ал төлқұжатыңызды өзіңізбен бірге қол жүгіңізге алыңыз. Егер сіз құжаттардың бірін жоғалтсаңыз, екіншісі сізде болады.
- Сапар кезінде құжаттарыңызға еге болыңыз: құжаттарды туристік орындарға өзіңізбен бірге алып бармаңыз. Оларды сейфте қалдырған дұрыс. Егер сіз төлқұжатыңызды өзіңізбен бірге алып жүруді шешсеңіз, оны киімнің ішкі қалтасына салыңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә