- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелде қанша қазақстандық...
Шетелде қанша қазақстандық референдумда дауыс берді?
Орталық референдум комиссиясында (Орталық сайлау комиссиясы) өткен брифингте шетелде дауыс беру қалай өтіп жатқаны айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 08:15-тегі жағдай бойынша деректерді айтты.
"59 шет мемлекетте жалпы саны 12 307 сайлаушыға 72 учаскелік референдум комиссиясы құрылды. 08:15-тегі жағдай бойынша шетелде 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істей бастады. Тағы 48 учаске ашылады. Аздаған уақытта Орта-Шығыс және Еуропа елдерінде орналасқан учаскелер жұмыс істей бастайды. Уақыт айырмашылығына байланысты соңғы болып Вашингтон және Нью-Йорк қалаларында Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және Сан-Францискода Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де референдум учаскелері ашылады", – деді Василенко.
Сыртқы істер министрінің орынбасары шетелдегі азаматтар белсенді екенін мәлімдеді.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.
Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты.
АЭС салу референдумы қалай өтеді?
Сондай-ақ Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды.
АЭС бойынша референдум: бюллетеньде не жазылады?
Өңірлердің АЭС құрылысы бойынша референдумға дайындығы қандай?
Энергетика министрлігі өкілі Massaget.kz-ке берген сұхбатында Қазақстан АЭС құрылысын жүргізетін елге тәуелді болмайтынын мәлімдеді.
Дауыс беретін учаскені анықтауға арналған нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова