Құрылтай депутаттарын сайлауға 61 мемлекетте Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 79 сайлау учаскесі құрылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің айтуынша, тіркелген сайлаушылардың жалпы саны - 11 402 адам.
"Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып Астана уақытымен сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларындағы отандастарымыз дауыс беріп бастады", - деді ол.
Осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп дауыс бергендер саны - 228 адам.
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!